Бүгін биатлоннан әлем кубогының төртінші кезеңі басталады

 Бүгін биатлоннан әлем кубогының төртінші кезеңі басталады
Фото: olympic.kz

Бүгін Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогының төртінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде спринт, ізге түсу және эстафета сындары бойынша жарыстар өтеді.

Германияда ел намысын Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Антон Пантов, Василий Подкорытов, Владислав Витенко, Роман Еремин, Элизавета Бельченко, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Алина Райкова және Галина Вишневская қорғайды.

Бүгін әйелдер арасындағы спринт (7.5 шақырым) сайысы өтеді. Оған 95 спортшы қатысады. Жарыс жолына Галина Вишневская (№23), Ольга Полторанина (№41), Дарья Климина (№77) және Алина Райкова (№88) шығады.

Төртінші кезеңнің кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

Оберхоф, Германия. Биатлоннан әлем кубогының IV кезеңі

4 қаңтар

Спринт, әйелдер (17.30*)

5 қаңтар

Спринт, ерлер (19.15)

6 қаңтар

Ізге түсу, әйелдер (17.15)
Ізге түсу, ерлер (20.00)

7 қаңтар

Эстафета, әйелдер (16.30)
Эстафета, ерлер (19:30)

*Астана уақытымен

Ө. Сансызбай