Зарина Дияс жаңа жылдағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Зарина Дияс жаңа жылдағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Фото: i.eurosport.com

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңа жылдағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында ол франциялық Полин Пармантьемен кездесті.

Shenzhen Open турнирінің 1/8 финалында жерлесіміз франциялық қарсыласын екі партияда  6 : 3 ; 6 : 4 есебімен жеңді. Ол бірінші кездесуінде ресейлік Анна Блинкованы дәл сондай есеппен ұтты. 

Отандасымыздың келесі кезекте осы турнирдің үшінші, әлемнің 35-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен күш сынасады. 

Айта кетейік, Шэньчжэнь турнирінің жүлде қоры – 750 мың доллар. Оған әлемнің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп бастаған маңдайалды теннисшілер қатысуда.

Ж. Жұмағұлов