Роналду Еуропаның ең үздік спортшысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Роналду Еуропаның ең үздік спортшысы атанды
Фото ©️ Eurosport

Португалия ұлттық құрамасы мадридтік Реалдың шабуылшысы Криштиану Роналду 2017 жылдағы Еуропаның ең үздік спортшысы атанды.

БӨЛІСУ

32 жастағы футболшы 26 халықаралық ақпарат агенттіктерінің сауалнамасы бойынша бірінші орын алды. Ол "Формула-1" спортынан әлем чемпионы Льюис Хэмилтон, теннисшілер Роджер Федерер мен Рафаэль Надальды басып озды.

Португалдық футболшы екінші жыл қатарынан бұл марапатқа ие болып отыр.

17 желтоқсан күні Роналду клубтар арасындағы әлем чемпионатында соққан голдар санын 7-ге жеткізіп, әйгілі бразилиялық футболшы Пелемен теңескен еді. Сондай-ақ осы жылы "Алтын доптар" саны бойынша Мессимен теңесті.

Футболшы 2017 жылы Реал командасы сапында Испания чемпионатын, Чемпиондар лигасы, Клубтар арасындағы әлем чемпионаты, УЕФА және Испания Суперкубогын жеңіп алды. Ал Португалия ұлттық құрамасымен 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.