"Барыс" соңғы 15 ойында 13 рет ұтылған

"Барыс" соңғы 15 ойында 13 рет ұтылған
Фото: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыстың" жолы болар емес. Елордалық команда соңғы 15 ойынның 13-де қарсыластарына есе жіберген.

Евгений Корешков жаттықтыратын команда кеше өз мұз айдынында "Ақ Барыстан" ұтылды. Қазандық команда 5:2 есебімен айқын басымдығын танытып кетті. Ал "Барыс" болса төртінші ойын қатарынан ұпайсыз қалып отыр.

Соңғы 15 ойында 2 рет қана жеңіске жеткен "Барыс" 63 ұпаймен Шығыс конференцияда 10-орынға түсті. Плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен алыстап барады.

"Барыс" — "Ақ Барыс" 2:5 (0:2, 1:2, 1:1)

Шайба соққандар:

0:1 — 09:00 Ландер (Зарипов, Галиев). Тең құрамда
0:2 — 11:33 Язьков (Лукоянов, Ландер). Тең құрамда
0:3 — 29:33 Клинкхаммер. Буллит
0:4 — 32:28 Галиев (Ландер, Зарипов). Ойыншы басымдығында
1:4 — 34:51 Вей (Семёнов, Даллмэн). Тең құрамда
1:5 — 44:13 Ландер (Галиев). Тең құрамда
2:5 — 59:04 Райт. Тең құрамда

"Барыс": Кудрявцев 00:00–20:00, 44:13–60:00, Карлссон 20:00–44:13 — Даллмэн-Семёнов, Пушкарёв-Вей-Фрэттин; Савченко-Маклюков, Михайлис-Райт-Старченко; Диц-Липин, Никулин-Шевченко-Евдокимов; Полохов-Орехов, Маркелов-Кучин-Акользин;

"Ақ Барыс": Шарыченков — Манухов, Батыршин, Охтамаа, Мусин, Марков, Лямкин — Язьков, Глухов, Свитов, Косов, Галиев, Зарипов, Клинкхаммер, Азеведо, Ткачёв, Ландер, Лукоянов, Потапов.

Айып уақыты: 26:12 (2:0, 4:6, 20:6)

Төрешілер: Александр Соин, Алексей Белов

27 желтоқсан. Астана. «Барыс Арена» 5 398 көрермен. 

Ө. Сансызбай