Фируза Шарипова мен Джемилла Гонтарюк көз арбасты

О Сансызбай Корреспондент
Фируза Шарипова мен Джемилла Гонтарюк көз арбасты
Фото ©️ Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова мен бельгиялық Джемилла Гонтарюк жекпе-жек алдында алғаш рет көз арбасты.

БӨЛІСУ

Спортшы қыздар 30 желтоқсанда жекпе-жек өтетін аренада кездесті. Қос боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver чемпиондық белбеулеріне таласады. Сонымен қатар бүгін Фируза Шарипова мен WBC жастар белбеуінің және NABF Junior титулының иегері Али Ахмедовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Еске салайық, жекпе-жек Алматы қаласындағы 12 мың адам сыятын "Алматы Арена" кешенінде өтеді. 30 желтоқсандағы бокс кешін "Хабар" телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 23:00-ден бастап көрсетеді.