Vesti.kz сайты жаңа нұсқасын іске қосты

Vesti.kz сайты жаңа нұсқасын іске қосты
Фото: скрин

Спорт саласы бойынша еліміздегі танымал интернет басылымдардың бірі Vesti.kz сайты жаңа нұсқасын іске қосты. Бүгіннен бастап оқырмандар сайтты жаңа нұсқада оқи алады.

Сайтты жаңа нұсқада оқу үшін оң жақ жоғарғы бөлігіндегі "Жаңа дизайн" дегенді басу керек. Егер сайттың ескі нұсқасына қайтып оралғыңыз келсе, сол жердегі "Ескі дизайн" дегенді басу қажет.

Vesti.kz сайтының жаңа нұсқасы түрлі құралдарға оңай бейімделеді. Кез келген ұялы телефон, компьютер, планшет және лэптоп арқылы оқырмандар сайт функцияларын жеңіл пайдалана алады.

2017 жылы Vesti.kz сайты қазақ тілінде де ақпарат тарата бастады. Тілді ауыстыру үшін жоғарғы бөлігіндегі нұсқаны таңдау керек.

Жаңа дизайнда алты "басты жаңалықтар" саны 12 болды. Барлық жаңалықтар "жаңалықтар тізбегінде" орналасқан. Жаңа нұсқада "Фанзона" нұсқасына пікір қалдыру, видео және фото, сонымен қатар "Жеке кабинет" пен әлеуметтік желіде "бөлісу" функциясы да жеңілдей түсті.

Ө. Сансызбай