"Барыс" Астанада "Салават Юлаевтан" ұтылды

"Барыс" Астанада "Салават Юлаевтан" ұтылды
Фото: vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада Уфаның "Салават Юлаев" командасынан ұтылды. Ойында қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде командалар шайба соға алған жоқ. Ал екінші кезең басында Теем Хартикайненнің соққан шайбасы "Салават Юлаевты" алға шығарды. Ойын аяқталар тұста уфалық клуб екінші шайбаны соқты. Бұл жолы Линус Умарк ашық қақпаны дәл көздеді.

Айта кетейік, бүгінгі ойынға да команда капитаны Найджел Доус қатыса алған жоқ. Шабуылшы жарақатына байланысты команданың соңғы төрт ойынына шыққан жоқ. Ал "Барыс" үшінші ойын қатарынан ұтылды.

Елордалық команда келесі ойынын 27 желтоқсан күні Астанада "Ақ Барысқа" қарсы өткізеді. Қазандық клуб Шығыс Конференцияда көш бастап тұр.

"Барыс" — "Салават Юлаев" 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

Шайба соққандар:

0:1 — 20:37 Хартикайнен (Умарк). Тең құрамда 
0:2 — 59:28 Умарк. Тең құрамда, ашық қақпа 

"Барыс": Карлссон — Савченко, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Маклюков — Михайлис, Евдокимов, Райт, Вей, Никулин, Акользин, Старченко, Маркелов, Фрэттин, Пушкарёв, Сагадеев, Шевченко;

"Салават Юлаев": Кареев — Панин, Логинов, Осипов, Ларсен, Гончаров, Арзамасцев, Гареев — Лисин, Бусаров, Майоров, Солодухин, Кемппайнен, Зубов, Умарк, Хартикайнен, Кузьмин, Бурдасов, Макаров, Федоров, Коротков. Штраф: 6:8 (0:4, 0:0, 6:4)

Төрешілер: Алексей Белов, Александр Сергеев

25 желтоқсан. Астана. "Барыс Арена". 4930 көрермен.  

Ө. Сансызбай