Бес дүркін НБА чемпионы өмірден озды...

Бес дүркін НБА чемпионы өмірден озды...

19 қазан жұма күні АҚШ-тың Хьюстон қаласында аты аңызға айналған американдық баскетболшы, бес дүркін НБА чемпионы Слейтер Мартин қайтыс болды. Бұл туралы АҚШ-тың The New York Times басылымы хабарлады. 

Бейсенбі күні атақты баскетболшы өзін жайсыз сезініп, қалалық госпитальға жатқызылған еді. Бірақ өкінішке орай, дәрігерлер аяқасты болған ажалға ара түсе алмады. Мартин өзінің туған күніне үш-ақ тәулік жетпей қаза тапты. Дүйсенбі 22 қазан күні ол 87 жасқа толар еді. 

Өз мансабы жолында Слейтер Мартин "Нью-Йорк Никс", "Лейкерс" және "Сент-Луис" сияқты атақты клубтарда тер төкті. Ол НБА-да барлығы 745 матчқа қатысты. Мартин жеті рет НБА жұлдыздары матчында өнер көрсетті. Бас жаттықтырушы ретінде "Сент-Луис" және "Хьюстон" клубтарында қызмет атқарды.

1982 жылы оның бейнесі атақты баскетболшылар Залына қойылған еді. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: texassports.com

Б. Қосмағамбет