Эль-Класико. "Барселона" "Реалды" ойсырата ұтты

Эль-Класико. "Барселона" "Реалды" ойсырата ұтты
Фото: vk.com

Футболдан Испания ла лигасының ХVІІ турында "Реал" өз алаңында "Барселонадан" ойсырай ұтылды. Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен ойында каталондық клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 54 минутта Серхио Робертоның пасынан кейін Луис Суарес есеп ашты. Араға 10 минут сала Лионель Месси 11 метрлік пенальтиді сәтті орындады. Бұл тұста қақпаға еніп бара жатқан допты қолымен қайтарғаны үшін Даниэль Карвахаль алаңнан қуылған еді.

Ойын аяқталар тұста алаңға шыққан Алеиш Видаль корольдік клуб қақпасына үшінші голды соқты. Нәтижелі пасты Лионель Месси берді.

17 ойыннан кейін 45 ұпай жинаған "Барселона" айқын көш бастап келеді. Ал "Реал" болса 16 ойыннан 31 ұпай жинап, төртінші орында тұр.

"Реал" – "Барселона" 0:3

Гол соққандар: Л. Суарес, 54, Месси, 64 (с пенальти), Видаль, 90+3

"Реал": Навас, Карвахаль, Варан, Рамос, Марсело, Модрич, Каземиро (Асенсио, 72), Кроос, Ковачич (Бэйл, 72), Бензема (Начо, 66), Роналду

"Барселона": Тер Штеген, Роберто (Видаль, 90+2), Пике, Вермален, Альба, Ракитич, Паулиньо (Гомеш, 84), Бускетс, Иньеста (Семеду, 77), Месси, Луис Суарес

Ескертулер: Рамос, Марсело – Вермален, Бускетс

Алаңнан қуылды: Карвахаль, 63

Ө. Сансызбай