Қазақстандық футболсүйер қауым "Эль-Класиконы" тікелей эфирде көре алады

Қазақстандық футболсүйер қауым "Эль-Класиконы" тікелей эфирде көре алады
Фото: El Deporte Rey

Қазақстандық футболсүйер қауым мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселона" арасындағы ойынды тікелей эфирде тамашалай алады. Испания чемпионатының 17-турындағы ойынды "QazSport" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

"Эль-Класико" сенбі күні өтеді. Төрткүл дүние көз тігетін кездесу Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Сондай-ақ бұл ойынды "Setanta Sports Eurasia" арнасы да тікелей эфирде көрсететін болады.

"Реал" мен "Барселона" арасындағы ойын "QazSport" арнасының арнайы телебағдарламалар тізімінде бар. Бұл уақытта құрлықтық хоккей лигасындағы "Барыс" пен "Нефтехимик" арасындағы ойын да өтеді. Телеарна хоккей кездесуін сағат 23:00-де қайталау арқылы көрермендеріне ұсынады.

О. Сансызбай