Юлия Галышева Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде күміс алды

Юлия Галышева Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде күміс алды
Фото: Vesti.kz

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Қытайдың Secret Garden тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан әлем кубогында күміс медаль еншіледі.

Отандасымыз могул сынында 77,79 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. 77,90 ұпай жинаған америкалық Джелин Кауф жеңімпаз атанды. Үштікті 77,64 ұпаймен канадалық спортшы Анди Ноде түйіндеді.

Жарыс жолына шыққан қазақстандық тағы бір спортшы Аяулым Әміренова 54,26 ұпаймен 34-орыннан көрінді.

Ерлер арасында Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхард жүлделі орыннан көріне алмады. 

Ө. Сансызбай