"Барыс" Мәскеудің "Динамосынан" ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" Мәскеудің "Динамосынан" ұтылды
Фото ©️ hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын Барыс сырт мұз айдында Мәскеудің Динамо командасынан ұтылып, ұпайдан қағылды. Ресей астанасында өткен ойында мұз айдын иелері 5:3 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Бірінші кезең басталысымен-ақ "Динамо" командасы есепте алға шықты. Даниил Тарасовтың бағыттаған шайбасы "Барыс" қақпасынан табылды. 14 минутта Владимир Маркелов есепті теңестірді.

Екінші кезеңде үш шайба соғылды. 29 минутта Роман Старченко елордалық команданы алға шығарса, кейіннен Никита Комаров пен Даниил Тарасовтың шайбалары "Динамоға" басымдық алып келді.

Үшінші кезеңде де үш шайба соғылды. 43 минутта "Барыстың" канадалық шабуылшысы Джеймс Райт есепті теңестірді. Алайда Дмитрий Вишневский мен қазақстандық клубтың экс-ойыншысы Дастин Бойдтың соққан шайбалары мәскеулік клубқа жеңіс сыйлады.

"Барыс" келесі төрт ойынын өз алаңында өткізеді. 23 желтоқсан күні Астанада "Нефтехимикпен" ойнайды. Қазіргі таңда 63 ұпаймен Шығыс конференцияда 6-орында келеді.

"Динамо" Москва — "Барыс" 5:3 (1:1, 2:1, 2:1)

Шайба соққандар:

1:0 — 01:01 Тарасов (Петунин). Тең құрамда
1:1 — 13:11 Маркелов (Маклюков, Пушкарёв). Тең құрамда
1:2 — 28:02 Старченко (Гурков, Семёнов). Тең құрамда
2:2 — 35:58 Комаров (Никулин). Тең құрамда
3:2 — 38:00 Тарасов (Хиетанен, Петунин). Тең құрамда
3:3 — 42:47 Райт (Вей). Тең құрамда
4:3 — 49:45 Вишневский (Кутейкин). Ойыншы басымдығында
5:3 — 54:26 Бойд (Кутейкин, Анисин). Ойыншы басымдығында

"Динамо Мәскеу": Ерёменко — Никулин, Хиетанен, Рылов, Кутейкин, Волков, Соловьёв, Вишневский — Алексеев, Комаров, Анисин, Марковин, Петунин, Бойд, Артюхин, Сопин, Игумнов, Казионов, Тарасов, Брюквин, Игнатушкин;

"Барыс": Карлссон — Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Маклюков, Сауторн — Жайлауов, Райт, Вей, Никулин, Акользин, Старченко, Маркелов, Фрэттин, Гурков, Пушкарёв Сагадеев, Шевченко.

Айып уақыты: 6:29 (4:2, 0:0, 2:27)

Төрешілер: Антонин Ержабек, Мартин Франё

20 желтоқсан. Москва. "ВТБ мұз айдыны". 4479 көрермен.