Қанат Ислам WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

О Сансызбай Корреспондент
Қанат Ислам WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді
Фото ©️ Kanat Islam Team

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылады.

БӨЛІСУ

WBO жаңартылған рейтингінде Қанат Ислам бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасты. Рейтингтің көшін британдық Лиам Смит бастап тұр. Үшінші орынға WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Курбонов орналасқан.

Айта кетейік, қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

15 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қанатқа "Құрмет" орденін табыстаған болатын. Бұл орденмен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады.