10 жасар қазақстандық гимнасшы Германияда топ жарды

Ақтоты Жапатова Корреспондент
10 жасар қазақстандық гимнасшы Германияда топ жарды
Фото ©️ inform.kz

Германияда спорттық гимнастикадан өткен халықаралық турнирде қазақстандық команда бірінші орын алды. Ал жекелей сында 10 жастағы Нұртан Идрисов чемпион атанды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БӨЛІСУ

«Бүгін мен жеңіске жеттім. Мен елдің абыройын халықаралық жарыста көтергенім үшін өте қуаныштымын! Өзінің жеңісімді ел тәуелсіздігінің 26 жылдыға арнаймын», - деді жас спортшы Нұртан Идрисов.

Н.Идрисов Қазақстанның 2017 жылғы жастар чемпионатаның жеңімпазы. Ол спорттық гимнастикамен 6 жасынан бастап айналысады. Нұртан Идрисов мен  Роман Маменов Павлодар қаласының №4 спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Олар ҚР аға жаттықтырушысы  Виктор Порошиннен тәлім алады.

Дереккөз: inform.kz