Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының логотипі жарияланды

Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының логотипі жарияланды
Фото: inews.gtimg.com

Бейжіңде 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының таңбасы бекітілді. Эмблема 4 жарым мың ұсыныстың ішінен іріктелген. Шараға қатысқан дизайнерлердің саны 2008 жылғы Жазғы Олимпиададан екі есе артық болыпты. Байқауға жұмысын жіберген суретшінің ең үлкені 85-те де, кішісі 7 жаста.

Сонымен Олимпиада эмблемасы «Дунмэн» деп аталады. «Қысқы арман» деген мағынаны білдіретін таңбада дәстүрлі Қытай мәдениеті мен олимпиаданың элементтері үйлескен. Оның негізі «Дун» иероглифінен тұрады. Эмблеманың жоғарғы жағы коньки тебушіні, төменгі жағы шаңғышыны бейнелейді. Олардың арасында тау мен спортшылар сырғанайтын жол салынған. Таңбаны безендіріп тұрған жібек баулар спорттық шарамен тұспа-тұс келетін Қытай Жаңа жылының мерекелік көңіл-күйін білдіреді.

Дереккөз: 24.kz

Г. Берік