Жақсылық Үшкемпіров Елбасыға арманын айтты

О Сансызбай Корреспондент
Жақсылық Үшкемпіров Елбасыға арманын айтты
Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті резиденциясында мемлекеттік жүлделер мен сыйақыларды табыстау рәсімі өтті. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алған қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Елбасыға қандай арманы барын айтты.

БӨЛІСУ

- Осы көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Ең болмаса қазақтың бес мың жігіті сол ауылын көркейтсек, содан асқан қандай бақыт керек? Міне, мен соны ойлаймын, аға, - деді атақты спортшы Елбасыға қарата.

Осы кезде Елбасы Жақсылық Үшкемпіровтің қолын ұстап, әзілдей қол күрестіріп көрді. "Сіз мені әрқашан жеңесіз ғой, аға" - деді Үшкемпіров.

- Бірнеше мәрте Совет Одағының жеңімпазы болды, ешкім айтқан жоқ. Олимпиаданы жеңді, дүние жүзінің чемпионы болды. Тәуелсіздік жылдарында біраз азаматтар қалталы болды, байыды. Сол үшін мен қызмет істеп жүрмін. Енді тапқанының біразын елге берсін сен сияқты. Жас жұбайларға пәтер салып бердің, балабақша салдың, спорт кешенін салдың, онда 200 бала күресіп жатыр, - деді Елбасы.