Қазақстандық кәсіпқой боксшы нокаутпен жеңілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы нокаутпен жеңілді
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Рустам Сыбай Екатеринбургте өткен бокс кешінде ресейлік Рафшан Ергашевпен жұдырықтасып, төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Орта салмақта жұдырықтасатын боксшылардың жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған еді. Рустам қарсыласымен тең дәрежеде жұдырықтасып келіп, соңғы раундта нокаутқа түсіп қалды.

Рафшанға қарсы кездесу – Рустамның кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі. Қараша айында Сыр өңірінің тумасы ресейлік Василий Поднебесныйды төрешілер шешімі бойынша жеңіп шыққан еді.

Айта кетейік, Рустам Сыбай әуесқой бокста 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасты. Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Ө. Сансызбай