Чемпиондар лигасы. "Реал" – ПСЖ, "Челси" – "Барселона" бір-біріне қарсылас атанды

Чемпиондар лигасы. "Реал" – ПСЖ, "Челси" – "Барселона" бір-біріне қарсылас атанды

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, 1/8 финалда бір-бірімен кездесетін командалар белгілі болды.

Салтанатты шарадағы жеребеге Испания құрамасы сапында әлем чемпионы, екі рет Еуропа чемпионы, клубтық деңгейде екі рет Чемпиондар лигасын ұтқан Хави Алонсо қатысты. 

Жеребе қорытындысы төмендегідей:

"Ювентус" (Италия) – "Тоттенхэм" (Англия)
"Базель" (Швейцария) – "Манчестер Сити" (Англия)
"Порту" (Португалия) – "Ливерпуль" (Англия)
"Севилья" (Испания) – "Манчестер Юнайтед" (Англия)
"Реал Мадрид" (Испания) – ПСЖ (Франция)
"Шахтер" (Украина) – "Рома" (Италия)
"Челси" (Англия) – "Барселона" (Испания)
"Бавария" (Германия) – "Бешикташ" (Түркия)

Командалар арасындағы бірінші ойындар 13-14 және 20-21 ақпан аралығында өтсе, қарымта кездесулер 6-7 және 13-14 наурызға жоспарланған. 

2017/2018 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы Украина елінің астанасы Киевте өтеді. 

Ө. Сансызбай