"Астана" велокомандасы жаңа құрамын таныстырды

"Астана" кәсіпқой велокомандасы елорда төрінде жаңа құрамын таныстырды. Таныстырылым алдында дәстүрлі түрде "Астана" велокомандасы спортшыларының қатысуымен бірнеше шара ұйымдастырылды.

"Астана" Президенттік клубы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Бүгінде "Астана" ұлттық брендін халықаралық спорт аренасында танытып жүр. "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы аясында алға қойған мақсаттары орындалып келеді. "Астана" брендінің аясында қазақстандық үздік спорт жобалары іске асырылып жатыр – "Астана" кәсіпқой велокомандасы, "Астана" футбол клубы, "Барыс" хоккей клубы, "Астана" баскетбол клубы, ралли-рейдтен "Астана" командасы және "Астана Арланс" бокс клубы. Ал "Астана" велокомандасы әлемдік кәсіби велоспорт командаларының тізіміне кіретін жалғыз қазақстандық велокоманда.

"Астана" велокомандасының спортшылары таныстырылым алдында жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба берді. Суретке түсіп, емін-жарқын әңгіме-дүкен құрды. Ал таныстырылым шарасы осы көктемде оқыс оқиғадан қаза тапқан Микель Скарпониді еске алумен басталды.

Елордалық команданың таныстырылымына ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты.

- Президенттік команда жетістігінің арқасында елімізді әлем танып жатыр. "Астананы" жетістіктерімен құттықтаймын. Алдағы жарыстарына жеңіс тілеймін, - деді министр.

Салтанатты шара барысында команданың жаңа маусымдағы құрамы таныстырылды. 2018 жылы "Астана" сапында 30 велошабандоз бақ сынайтын болады. Сондай-ақ команда танымбелгісіне (логотип) ребрендинг жасап, жаңа маусымда киетін спорттық жейделерін көрсетті.

Команданың бас менеджері Александр Винокуров өткен маусымды қорытындылап, жаңа маусымдағы жоспарларын айта кетті.

- 2017 жыл – айтулы жетістіктерге толы болды. Әлемдік жарыстардағы жетістіктеріміз көңіл қуантады. Әсіресе қазақстандық велошабандоздардың жеңістерін ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таныстырылым арқылы жаңа маусымды бастағалы тұрмыз. Жаңа құраммен жаңа маусымда жоғары жетістіктерді бағындыруды мақсат тұтып отырмыз, - деді Александр Винокуров.

2017 жылы "Астана" кәсіпқой велокомандасы спортшылары 20 рет жеңіс тұғырынан, 25 рет жүлделі орыннан көрінген. Команда әлем бойынша, оның ішінде Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Аустралияда Қазақстанның атынан шығып, жеңістерге жетіп жүр. Команданың қоржынында жалпы 248 жеңіс бар, оның 8-і Джиро ди Италия, Тур де Франс, Испания Вуэльтасы сияқты үш гранд-турдағы жеңіс. Құрылғанына 11 жыл болған командада әлемдегі ең абыройлы гранд-турларда жеңіске жеткен Александр Винокуров, Альберто Контадор, Лэнс Армстронг, Винченцо Нибали, Фабио Ару сынды велошабандоздар өнер көрсеткен.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Апельсиннің "бауырлары"
Апельсиннің "бауырлары"
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қояндардың тістері өмір бойы өседі
Қояндардың тістері өмір бойы өседі