Никита Азаров әлем чемпионы атанды

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент
Никита Азаров әлем чемпионы атанды

Теміртаулық самбошы Никита Азаров жеткіншектер арасында Болгарияда өткен әлем чемпионатында  87 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз болды. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды.

БӨЛІСУ

«Никита Азаров Әлем чемпионатына алғаш рет қатысқанымен, бірден үздік нәтиже көрсетті. Ол өзінің салмақ дәрежесінде бірнеше кездесу өткізіп, ақтық сында грузиялық қарсыласынан басым түсті де, алтын жүлдеге қол жеткізді», деді Теміртау қалалық жастар клубының жетекшісі Алексей Ломакин.
Теміртаулықтар Әлем чемпионы болып танылған жерлестерін зор қошеметпен қарсы алды. «АрселорМиттал Теміртау» спорт кешенінде өткен шараға спортшылар, спорт бөлімі мен облыстық самбо федерациясы өкілдері жиналды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталған чемпионатта 4 алтын медальді жеңіп алды. Сонымен қатар, ел қоржынында 11 күміс, 5 қола жүлде бар. Болгарияда өткен самбодан әлем чемпионатында 40 елдің спортшылары бақ сынаған болатын. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: kazan.olx.ru