"Барыс" жеті ойыннан кейін жеңіске жетті

"Барыс" жеті ойыннан кейін жеңіске жетті
Фото: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында жеті ойын қатарынан ұтылған елордалық "Барыс" өз мұз айдынында Челябінің "Трактор" командасын овертаймда ұтып, жанкүйерлерін қуантты.

Бірінші кезеңде алғаш болып "Барыс" хоккейшілері есеп ашып, алға шықты. 4 минутта елордалық команданың канадалық жаңа ойыншысы Джеймс Райт алғашқы шайбасын соқты.

Екінші кезең басында "Трактор" командасы таразы басын теңестіріп кетті. Максим Якуценнің бағыттаған шайбасы "Барыс" қақпасынан табылды. 32 минутта Дмитрий Шевченко елордалық команданы қайта алға шығарды.

Үшінші кезеңде үш шайба соғылды. Алдымен челябілік команда сапынан Иван Вишневский есепті теңестірсе, 48 минутта Виталий Кравцов "Тракторды" есепте алға шығарды. 55 минутта Найджел Доус маусымдағы 31-ші шайбасын соғып, команданы жеңілістен құтқарып қалды. Ал қосымша уақыт басталғанына 30 секунд өтпей, Линден Вей "Барысқа" жеңіс сыйлаған шайбаны соқты.

"Барыс" келесі ойынын да "Тракторға" қарсы 9 желтоқсан күні Челябіде өткізеді.

"Барыс" — "Трактор" 4:3 ОТ (1:0, 1:1, 1:2, 1:0)

Шайбалар: 1:0 — 03:42 Райт (Старченко). Тең құрамда
1:1 — 20:15 Якуценя (Виделль, Полыгалов). Тең құрамда
2:1 — 31:28 Шевченко. Тең құрамда
2:2 — 45:44 Вишневский (Якуценя, Рыбаков). Ойыншы басымдығында
2:3 — 47:36 Кравцов (Кручинин). Тең құрамда
3:3 — 52:48 Доус (Фрэттин). Тең құрамда

"Барыс": Карлссон -Савченко, Семёнов, Даллмэн, Диц, Липин, Маклюков, Сауторн — Жайлауов, Доус, Михайлис, Лихотников, Райт, Вей, Никулин, Акользин, Старченко, Фрэттин, Пушкарёв, Сагадеев, Шевченко;

"Трактор": Демченко — Бородкин, Никитин, Мамаев, Петров, Бэйлен, Вишневский, Исаев — Губарев, Рыбаков, Гюнге, Петров, Виделль, Шипин, Якуценя, Щехура, Шаров, Кокуёв, Полыгалов, Кравцов, Кручинин. Штраф: 8:6 (4:2, 2:0, 2:4, 0:0)

Төрешілер: Виктор Бирин, Евгений Гамалей

5 желтоқсан. Астана. "Барыс Арена". 6 259 көрермен.  

Ө. Сансызбай