"Реал" "Челси" қорғаушысына көз қадады

"Реал" "Челси" қорғаушысына көз қадады
Фото: eurosport.ru

"Челси" футбол клубының орталық қорғаушысы Давид Луис қысқы трансфер кезінде Мадридтің "Реал" командасына ауысуы мүмкін. Бұл жайында RMC Sport хабарлады.

Бразилиялық футболшы бас жаттықтырушы Антонио Контемен арадағы келіспеушіліктен кейін командадан кетпек. Ойыншы мен бапкер арасындағы алғашқы келіспеушілік Диего Костаға қатысты болған. Екінші рет Манчестер Юнайтедке қарсы өтетін ойын алдында сөзге келіп қалған. Нәтижесінде одан бері қорғаушы ойынға шыққан жоқ.

30 жастағы футболшы "Челсиде" 2011-2014 жылдар аралығында ойнады. Кейіннен Париждің ПСЖ командасына ауысып, 2016 жылы қайта оралған еді.

Давид Луистің лондондық командамен келісімшарты 2019 жылдың жазында аяқталады.

Ө. Сансызбай