Ибрагимович "Golden Foot" жүлдесінің жеңімпазы атанды

Ибрагимович "Golden Foot" жүлдесінің жеңімпазы атанды

Париждік «ПСЖ» командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович футболдың дамуына елеулі үлес қосқан, жасы 29-дан жоғары ойыншыларға берілетін "Golden Foot" жүлдесінің жеңімпазы атанды.

Биыл Golden Foot жүлдесінен үміткерлер қатарында қытай жерінде «Шанхай Шеньхуаның» намысын қорғап жүрген Дидье Дрогба, «Ювентустың» жартылайқорғаушысы Андреа Пирло, спорттық ғұмырының басым көпшілігін мадридтік «Реал» сапында өткізген, бүгінде «Аль-Садд» командасында ойнайтын Рауль болған. Дегенмен дауыс беру қорытындысы бойынша жүлде Златан Ибрагимовичқа бұйырды. Монакода өткен салтанатты марапаттау рәсімінде швециялық шабылшы бұл сыйлықты Пеленің қолынан алды.

Ибрагимович өзінің спорттық жолында «Мальме», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан» және «ПСЖ» командаларында ойнаған. Бір қызығы Златан ойнаған командаларының барлығында дерлік ішкі біріншілікте чемпион атанған. Жалпы клубтық және ұлттық құрама сапында Златан Ибрагимович 510 ресми кездесуге алаңғы шығып, 249 мәрте нәтижелі соққыларымен көзге түскен.

Айта кетейік, Golden Foot жүлдесі 2003 жылдан бастап тағайындалған. Бұл сыйлықты әр кездері италияндықтар Роберто Баджо, Франческо Тотти және Алессандро Дель Пьеро, чех Павел Недвед, украин Андрей Шевченко, бразилиялықтар Роналдо, Роберто Карлос, Роналдиньо және Райан Гиггз жеңіп алған. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига