Иван Дычко бір аптада екі жекпе-жек өткізеді

Иван Дычко бір аптада екі жекпе-жек өткізеді
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (2-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуін 8 желтоқсан күні АҚШ-та 41 жастағы америкалық боксшы Терранс Марбраға (8-5, 6 КО) қарсы өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы үшін кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуі болмақ. 1 желтоқсан күні Иван Дычко 32 жастағы америкалық Ламарко Эллиспен (2-4, 1 КО) кездеседі. Содан соң бір аптадан кейін отандасымыз Терранс Марбрамен кездеседі. 

Марбра кәсіпқой бокстағы мансабын 2003 жылы бастаған. Бір жыл ішінде ол бес кездесуде қатарынан жеңіске жеткен. Кейіннен пуэрторикалық Мойзес Дроздан жеңілген. Содан кейін америкалық боксшы жеті жыл жұдырықтасуын тоқтатқан.

2011 жылдың қараша айында ол кәсіпқой боксқа қайта оралып, отандасы Эрик Линдерден үстем түсті. Биыл мамыр айында Майк Балогунмен (11-0, 8 КО) кездесіп, ұпай саны бойынша жеңіліп қалды. 

Ал 27 жастағы қазақстандық боксшы болса екі рет Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған. Кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. 

Ө. Сансызбай