Головкин жылдағыдай биыл да үздік боксшы екені күмәнсіз – Майкл Баффер

Головкин жылдағыдай биыл да үздік боксшы екені күмәнсіз – Майкл Баффер
Фото: BoxingScene.com

Әлемдегі ең танымал конферансье (бокс кешін жүргізуші, хабарлаушы) Майкл Баффер Нью-Йоркте өткен Сергей Ковалев пен Вячеслав Шабранский жекпе-жегі жайлы ойын білдірді.

Бокс тарихындағы танымал тұлға Massaget.kz сайтының тілшісі Жолдас Өрісбайдың сұрақтарына жауап беріп, жылдың үздік боксшысы атағына Геннадий Головкиннің лайық екенін де айта кетті.

- Сіздің таңдауыңыз бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы кім?

- Геннадий Головкин. 2014, 2015 және 2016 жылдардағыдай ол биыл да үздік екені күмәнсіз.

- Ал қай бокс кешін үздік деп айтар едіңіз?

- Менің таңдауым бойынша, Кличко мен Джошуа кездесуі. Бұл екі боксшының шаршы алаңға шығуы ғаламдық жаңалық болды. Ауыр салмақта соңғы 10-15 жылдағы үздік бокс кеші болды десем қателеспеймін.

- Ковалевтің қайта шаршы алаңға оралуы туралы не айтасыз?

- Мен алдағы уақытта Ковалев пен Бивол жартылай ауыр салмақта мықты панчерлар болады деп ойлаймын, - деді Майкл Баффер.

Ө. Сансызбай