Шанхайда Элизабет Тұрсынбаева – күміс, Денис Тен қола алды

Шанхайда Элизабет Тұрсынбаева – күміс, Денис Тен қола алды
Фото: vk.com

Шанхайда мәнерлеп сырғанаудан "Shanghai Trophy" халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар Элизабет Тұрсынбаева – күміс, Денис Тен қола медаль жеңіп алды.

Жарыс еркін бағдарлама бойынша өтті. Қыздар арасында 131,06 ұпай жинаған ресейлік  Елена Родионова жеңімпаз атанды. Элизабет Тұрсынбаева 128,45 ұпаймен екінші орын алды. Үшінші орынды да ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Мария Сотскова (128,18 ұпай) иеленді.

Ерлер арасында 157,01 ұпай жинаған Денис Тен қола медальға қол жеткізді. Бірінші орынды ресейлік Александр Самарин (175,65 ұпай) жеңіп алды. Күміс медальды грузиялық Морис Квителашвили (157,78 ұпай) иеленді. 

Ө. Сансызбай