Аңыз спортшы Усейн Болт "Президент наградасымен" марапатталды

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Аңыз спортшы Усейн Болт "Президент наградасымен" марапатталды
Фото ©️ iSport.ua

Биыл спорттағы мансабын аяқтаған сегіз дүркін олимпиада чемпионы әйгілі желаяқ Усейн Болт Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы федерациясының (IAAF) арнайы марапатына ие болды. 

БӨЛІСУ

Ямайкалық желаяқтың "Президент наградасымен" марапатталғаны туралы жыл сайын Монакода дәстүрлі түрде өтетін IAAF Athletics Awards марапатын тапсыру рәсімінде жария етілді, деп хабарлайды ТАCC. Спортшының өзі салтанатты шараға қатыспаған.

Усейн Болт биыл спорттық мансабындағы соңғы жарысын сәтсіз аяқтаған еді. Ямайкалық спортшы сегіз дүркін Олимпиада чемпионы ғана емес, он бір дүркін әлем чемпионы атанған желаяқ. Сегіз рет әлем рекордын жаңартқан. 100 және 200 метрге жүгіруде ең жылдам спортшылардың бірі.