Қазақстандық үш дзюдошы Токиодағы "Grand Slam" турниріне қатысады

Қазақстандық үш дзюдошы Токиодағы "Grand Slam" турниріне қатысады
Фото: fdk.kz

2-3 желтоқсан күндері Жапония елінің астанасы Токиода дзюдодан кезекті әлемдік "Grand Slam" турнирі өтеді. Бұл додаға Қазақстан құрамасы сапында үш дзюдошы қатысады.

Токио татамиінде 65 елден 452 дзюдошы бақ сынайды деп күтілуде. Қазақстаннан ерлер арасында 60 кг салмақта Рустам Ибраев, 81 кг салмақта Дидар Хамза жарыс жолына шығады. Сондай-ақ қыздар арасында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг жүлдеге таласатын болады.

IJF ережесіне сәйкес, "Grand Slam" турнирінде жеңімпаз атанған дзюдошыға 1000 ұпай, екінші орынға - 700 ұпай, үшінші орынға 500 ұпайдан беріледі.

Айта кетейік, Галбадрах Отгонцэцэг жақында ғана Гаагада (Нидерланд) өткен "Grand Slam" турнирінде күміс медаль алып, IJF рейтингінде көш бастаған еді.

Ө. Сансызбай