"Астана" командасы жаңа футболшымен толықты

О Сансызбай Корреспондент
"Астана" командасы жаңа футболшымен толықты
Фото ©️ fcastana.kz

"Астана" футбол клубы Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Перцухпен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы елордалық команданың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі туралы хабарланған жоқ. Футболшы алаңда көбіне шабуылға көмектесетін жартылай қорғаушы қызметін атқарады.

21 жастағы Юрий Перцух алматылық ЦСКА клубының түлегі. Бірінші лигада "Бәйтерек" және "Қызылжар" командаларында ойнаған.

2017 жылы жас футболшы ел премьер-лигасындағы алғашқы ойынына шықты. Маусым соңына дейін Оралдың "Ақжайық" командасы сапында 24 ойынға қатысып, екі гол мен үш нәтижелі пас берген.

Юрий Перцух осы жылы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алып, 9 ойынға қатысты. Оған дейін 17 мен 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында да ойнаған.