Футболдан журналистер арасында өткен жарыста EML командасы екінші орын алды

Футболдан журналистер арасында өткен жарыста EML командасы екінші орын алды
Фото: Бауыржан Жақсымбет

Алматы футбол федерациясы ұйымдастырған журналистер арасындағы турнир аяқталды. Жарысқа Qazaqstan, "Халық Арна", "Атамекен" және Balapan телеарналары, ЕМL (Жұлдыз FM, Vesti.kz, Tenginews.kz, Massaget.kz), Prosports.kz, Журналистер құрамасы, Nur.kz және 365info.kz сайттарының командалары қатысты.

Барлық ойында жеңіске жеткен 365info.kz командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға EML (Vesti.kz, Tenginews.kz, Massaget.kz, Жұлдыз FM құрамасы) командасы ие болды. Vesti.kz, Tenginews.kz, Massaget.kz сайттары және Жұлдыз FM радиосы журналистерінен құралған команда екінші маусым қатарынан күміс жүлдені иеленіп отыр.

Үшінші орынға "Атамекен", "31 арна", Almaty tv телеарналары және "Азаттық Радиосы" журналистерінен жиналған "Журналистер құрамасы" командасы ие болды.

Екі айға созылған жарыстың үздік сұрмергені 365info.kz ойыншысы Олжас Қызықбаев болды. Үздік қақпашы марапатына Almaty tv журналисі - Мақсат Слямбеков, ал үздік плеймейкер марапатына "Ұлттық арна" командасының намысын қорғаған Байғайып Байтеміров ие болды. Ал турнирдің үздік ойыншысы болып Effective Media Liaison директоры Сұңқар Қарабалин танылды. 

Марапаттау рәсімі "Bierdeckel pub" спорт-барында өтті.

Effective Media Liaison командасы (EML)турнирді ұйымдастырған Алматы футбол федерациясына алғыс білдіреді. 

Ө. Сансызбай