"Барыс" буллитте "Авангардқа" жол берді

"Барыс" буллитте "Авангардқа" жол берді
Фото: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада Омбының "Авангард" командасымен кездесіп, негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнады. Ал овертаймда да осы есеп сақталып, буллит сериясында қарсыластарына есе жіберіп алды.

Ойындағы екі шайбада үшінші кезеңде соғылды. 52 минутта "Авангард" командасы бірінші болып есеп ашты. Максим Чудинов ойыншы басымдығын ұтымды пайдалана білді. Араға 4 минут сала Роман Старченко тең құрамда есепті теңестірді.

Елордалық команда 10 ойын қатарынан қарсыластарынан ұпай еншілеп келеді. Қазіргі таңда "Барыс" Шығыс конференцияда 58 ұпаймен көш бастап тұр. Келесі ойынын 20 қараша күні Новосібірде "Сібір" командасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, ойын кезінде қос команда хоккейшілері бірнеше рет жаға ұстасып қалды.

"Барыс" — "Авангард" 1:2 Б (0:0, 0:0, 1:1, 0:0, 0:1)

Шайбалар:
0:1 — 51:21 Чудинов (Петерссон). Ойыншы басымдығында
1:1 — 55:44 Старченко (Семёнов). Тең құрамда
1:2 — 65:00 Семёнов. Буллит

"Барыс": Карлссон — Савченко, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Сауторн — Жайлауов, Доус, Лихотников, Вей, Никулин, Старченко, Маркелов, Фрэттин, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер;

"Авангард": Шилин — Анелёв, Меньшиков, Березин, Минеев, Мартынов, Лисов, Медведев, Чудинов — Фисенко, Пёрселл, Кугрышев, Петерссон, Стась, Эверберг, Ковалв, Хохряков, Михеев, Самохвалов, Файзуллин, Семёнов.

Айып уақыты: 13:9 (4:2, 7:7, 2:0, 0:0)

Төрешілер: Павел Овчинников, Артур Кулёв

15 қараша. Астана. "Барыс Арена" 10020 көрермен. 

Ө. Сансызбай