Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Фото ©️ Informburo.kz

ҚР Үкіметі Қаулысымен Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

БӨЛІСУ

2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарып келген еді. Ал оған дейін Қазақстан футбол федерациясын басқарды.

Жаңа қызметке тағайындалған Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысының Алакөл ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Кейіннен 2006 жылы Ресей мемлекеттік кеден комитетінің кеден академиясын аяқтаған.

Еңбек жолын 1990 жылы "Сәлем" ЖШС-ның директоры болып бастаған. 1994-1997 жылдар аралығында "Қазкоммерцбанк" ААҚ басшы лауазымында жұмыс істеген. Одан кейінгі аралықта да Ерлан Қожағапанов бірнеше мемлекеттік жоғары қызметтерді атқарды. 2013 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттінің төрағасы болып тағайындалды. Одан кейін ҚФФ президенті қызметін атқарды. Соңғы қызметінде ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болды.

2 дәрежелі "Айбын" орденімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.