Велошабандоз Франк Шлек екі жылға спорттан аластатылуы мүмкін

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент
Велошабандоз Франк Шлек екі жылға спорттан аластатылуы мүмкін

Люксембургтік велошабандоз Франк Шлек екі жыл мерзімге жарыстардан аластатылуы әбден  мүмкін. Ағайынды Шлектердің үлкені биылғы “Тур де Франстың” 13-кезеңінде бәйгені тоқтатуға мәжбүр болды.

БӨЛІСУ

Жарыс кезінде алған екі допинг-тест нәтижесі велошабандоздың тыйым салынған дәрі-дәрмекті пайдаланғанын анықтаған. Оның ағзасынан табылған препарат “Диуретик ксипомида” деп аталады. Бүгін кейінге шегерліген кезекті сот отырысы өтті. Франк Шлек пен оның командасы бұл айыпты жоққа шығарып отыр.  Шабандоздың өзі ешқандай препаратқа қол тигізбегенін алға тартса, оның  жақтастары  одан әрі күресуге қашан да дайын екендіктерін жасырмады.

«Франктың қан құрамынан ешқандай да рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек табылмады. Дегенмен айыптаушылар әлі де тыным табар емес. Меніңше сот отырысына Франкты екі жыл бұрын баптаған Йохан Брунеле шақыру керек. Сол кісі екі жыл бойы Франкпен жұмыс істеді. Және де қандай дәрумендер қолданғанын біледі», -  дейді Франк Шлектің інісі Энди Шлек.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: velolive.com