Ел чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Ел чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар белгілі болды
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Бокстан Шымкент қаласында өтіп жатқан ел чемпионатының жартылай финалына шыққан барлық боксшылар белгілі болды. 11 қараша күні финал үшін жекпе-жектер өтеді.

БӨЛІСУ

Ширек финалдағы жанкүйерлер күтпеген нәтижелердің бірі – әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жеңілуі болды. Алматылық боксшы 81 келіге дейінгі салмақта қостанайлық Михаил Коханчикпен жұдырықтасып, жеңіліс тапты. Төрешілер 5:0 есебімен 19 жастағы боксшыны жеңімпаз ретінде таныды. Жанкүйерлер бұл салмақ дәрежесінде финалда Жәнібек пен Әділбек Ниязымбетовтің кездесуін күткен еді.

Жартылай финалға шыққан боксшылар реті төмендегідей:

11 қараша.

Жартылай финал

49 келі

Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл.) – Сабыр Жолаушиев (Павлодар обл.)
Жандос Несіпжан (Ақмола обл.) – Шалқар Айқынбай (ОҚО)

52 келі

Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл.) – Әнуар Мұзапаров (Алматы обл.)
Абай Қуандықов (Ақтөбе обл.) – Олжас Байниязов (ОҚО)

56 келі
Ілияс Сүлейменов (Астана) – Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола обл.)
Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл обл.) – Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау обл.)

60 келі

Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл.) – Закир Сафиуллин (ОҚО)
Әділет Құрметов (ШҚО) – Берік Әбдірахманов (Маңғыстау обл.)

64 келі

Қуан Қуатов (Павлодар обл.) – Бекдәулет Ибрагимов (ОҚО)
Сабыржан Бекбергенов (Акмола обл.) – Санатәлі Толтаев (Алматы қ.)

69 келі

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл обл.) – Бекболат Құрамысов (Алматы обл.)
Рустам Шаймерденов (Қарағанды обл.) – Қанағат Маралов (Астана)

75 келі

Сапарбай Айдаров (Алматы қ.) – Ерік Әлжанов (Маңғыстау обл.)
Владислав Столбовский (Қарағанды обл.) – Абай Төлеш (ОҚО)

81 келі

Әділбек Ниязымбетов (Маңғыстау обл.) – Бек Нұрмағанбет (ОҚО)
Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау обл.) – Михаил Коханчик (Қостанай обл.)

91 келі

Антон Пинчук (Қостанай обл.) – Абзал Құттыбеков (ОҚО)
Нұрбол Алтаев (Атырау обл.) – Еркін Мұхамеджан (ОҚО)

+91 келі

Олжас Бұқаев (Павлодар обл.) – Нұрболат Сермаханов (Астана қ.)
Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау обл.) – Нұржан Бекзатов (ОҚО)

Айта кетейік, Шымкенттегі ел біріншілігіне ұлттық құрама сапында Гамбургте өткен әлем чемпионатында жүлде алған 6 боксшы қатысып жатқан жоқ. Олар Жомарт Ержан (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі!, Василий Левит (91 келі) Әбілхан Аманқұл (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) және Қайрат Ералиев (56 келі).