Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды

Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды
Фото: Геннадий GGG Головкин (вк)

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Forbes журналы нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде үшінші орынға сырғыды.

Бұл рейтингте екінші орынға аса ауыр салмақта WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) шықты. Ал көш басында Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) тұр.

- Егер Головкин Альвареспен өткен жекпе-жегінде жеңіске жетіп, кепілдендірілген үш миллион долларды алған жағдайда, ол осы тізімде бірінші болар еді. Алайда бокс кеші тең аяқталды, сол себепті де "Канело" бірінші орында қалды", - деп жазады басылым.

Әлемдегі ең табысты 15 боксшының тізімі:

1 (1). Сауль "Канело" Альварес
2 (3). Энтони Джошуа
3 (2). Геннадий Головкин
4 (4). Теренс Кроуфорд
5 (6). Василий Ломаченко
6 (8). Эррол Спенс
7 (10). Деонтей Уайлдер
8 (13). Дэниэл Джейкобс
9 (7). Мэнни Пакьяо
10 (9). Кит Турман
11 (11). Сергей Ковалев
12 (12). Майки Гарсия
13 Джермалл Чарло
14 Джермелл Чарло
15 (15). Мигель Котто

Жақша ішіндегі осыған дейінгі рейтингтегі көрсеткіштері

Геннадий Головкин Elite Sports NY нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде екінші орында тұр.

Ө. Сансызбай