Елдос Сметов пен Максим Раков ел чемпионатына қатыспайды

Елдос Сметов пен Максим Раков ел чемпионатына қатыспайды
Фото: коллаж

9-13 қараша күндері Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен кубогы өтеді. Ақтөбе қаласындағы "Жекпе-жек" спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қаласынан барлық дзюдошылар қатысады.

Еліміздің ең беделді дзюдошылары, атап айтқанда, Әлем Чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Әлем Чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты чемпионаттан босатылған. Ал қыздар ұлттық құрама командасынан барлық бұрымды балуандар Ақтөбеде белдеседі. Оның ішінде Рио Олимпиадасының және Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бар.

9-13 қараша күндері өтетін Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогын "Qazsport" арнасы көрсетеді.

Жарыс кестесі

10 қараша

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 17:00

Финалдық белдесулер – 17:30

Ерлер: -60 кг; -66 кг;

Әйелдер: - 48 кг; - 52 кг;

11 қараша

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

Ерлер:-73 кг, -81 кг

Әйелдер: -57кг, -63 кг,-70 кг

12 қараша

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

13 қараша

Қазақстан Респуликасының кубогы (командалық)

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

Ө. Сансызбай