"Барыс" Астанада ЦСКА-ны да сүріндірді

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" Астанада ЦСКА-ны да сүріндірді
Фото ©️ Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада Мәскеудің ЦСКА командасын 5:3 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Бірінші кезеңде қонақтардың мысы басым болды. 5 минутта Кирилл Петровтың соққан шайбасы мәскеулік команданы алға шығарды.

Екінші кезеңде "Барыс" хоккейшілері барын салды. ЦСКА қақпасына төрт шайба тоғытты. Линден Вей дубль орындаса, Талғат Жайлауов пен Мартен Сен-Пьер бір-бір шайбадан соқты.

Үшінші кезең басында ЦСКА хоккейшілері шабуылда ширақтық танытты. Бар-жоғы бірер минуттың ішінде екі шайба соғып кетті. Александр Попов пен Михаил Пашниннің бағыттаған шайбаларын "Барыс" қақпашысы Сергей Кудрявцев қайтара алмады.

Ойын барысында "Барыс" қорғаушысы Даррен Диц пен ЦСКА шабуылшысы Валерий Ничушкин жаға ұстасып, айып уақытымен жазаланды. Ал 53 минутта Талғат Жайлауовтың соққан шайбасын төрешілер есепке алмады.

Ойын аяқталар тұста "Барыс" командасы қонақтар қақпасына ойындағы бесінші шайбаны соқты. Линден Вей хет-трик болды.

Айта кетейік, елордалық команда төртінші ойын қатарынан жеңіске жетіп келеді. Осыған дейін Астанада "Йокерит""Слован" мен "Витьязды" ұтқан еді.

"Барыс" келесі ойынын 15 қараша күні Астанада "Авангардқа" қарсы өткізеді.

"Барыс" — ЦСКА 5:3 (0:1, 4:0, 1:2)

Шайбалар:
0:1 — 04:25 Петров (Ничушкин, Киселевич). Тең құрамда
1:1 — 21:02 Жайлауов (Сен-Пьер). Тең құрамда
2:1 — 21:18 Вей (Сен-Пьер). Ойыншы басымдығында
3:1 — 29:45 Вей (Доус, Даллмэн). Тең құрамда
4:1 — 36:16 Сен-Пьер (Вей). Ойыншы басымдығында
4:2 — 40:12 Попов (Киселевич, Ничушкин). Тең құрамда
4:3 — 41:58 Пашнин. Тең құрамда
5:3 — 58:55 Вей (Доус, Сен-Пьер). Тең құрамда, ашық қақпа

"Барыс": Кудрявцев — Савченко. Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Сауторн — Жайлауов, Доус, Лихотников, Вей, Никулин, Акользин, Старченко, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер, Шевченко;

ЦСКА: Сорокин — Пашнин, Мясищев, Науменков, Марченко, Киселевич, Нестеров, Сергеев — Телегин, Андронов, Карнаухов, Григоренко, Попов, Жарков, Петров, Скотт, Ничушкин, Окулов, Светлаков, Кузьменко, Капризов.

Айып уақыты: 8:12 (0:2, 2:4, 6:6)

Төрешілер: Николай Акузовский, Виктор Гашилов

5 қараша. Астана. "Барыс Арена" 10 086 көрермен