Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген америкалық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген америкалық боксшымен жұдырықтасады
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) пен украиналық Вячеслав Шабранский (19-1, 16 КО) арасында өтетін жекпе-жек кешінде жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Эрик Мунмен жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

БӨЛІСУ

26 жастағы америкалық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 6 рет ол қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Эрик Мун соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, пуэрто-рикалық Маркус Брукстан айласын асырған.

Мейірім мен америкалық боксшы арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланып отыр.

Қазақстандық боксшы соңғы рет Астана қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, бірінші раундтың елуінші секундында бразилиялық қарсыласы Исмаэль Буэноны нокаутпен жеңген еді.

Айта кетейік, 34 жастағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев пен 30 жастағы украиналық Вячеслав Шабранский арасындағы кездесу 25 қараша күні Нью-Йорктағы "Madison Square Garden" спорт кешенінде өтеді. Боксшылар бұл кездесуде жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.