Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турындағы ойындар басталады

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турындағы ойындар басталады
Фото ©️ goal.com

Бүгін футболсүйер қауым асыға күткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі төртінші ойындар басталады. Назарларыңызға кездесулер кестесін ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Төртінші турдың бірінші күні "A", "B", "C" және "D" топтарындағы ойындар өтеді. Бұл командалар екі апта бұрын ғана өзара кездесіп, 3 ұпайды сарапқа салған еді. Енді қарсылас командалардың алаңындағы ойындарын өткізеді.

Бүгін түнде өтетін 8 ойын да Астана уақытымен сағат 01:45-те басталады. "Qazsport" арнасы тікелей эфирде "Рома" (Италия) пен "Челси" (Англия) командалары арасындағы кездесуді көрсетеді.

"A" тобы

"Манчестер Юнайтед" (Англия) - "Бенфика" (Португалия)
"Базель" (Швейцария) - ЦСКА (Ресей) 

"B" тобы

"Селтик" (Шотландия) - "Бавария" (Германия) 
ПСЖ (Франция) - "Андерлехт" (Бельгия) 

"С" тобы

"Атлетико" (Испания) - "Карабах" (Әзірбайжан) 
"Рома" (Италия) - "Челси" (Англия) 

"D" тобы 

"Олимпиакос" (Грекия) - "Барселона" (Испания) 
"Спортинг" (Португалия) - "Ювентус" (Италия)