Батыр Жүкембаев қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

Батыр Жүкембаев қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді
Фото: Eye of the Tiger management

Қазақ кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев Монреалда өткен бокс кешінде мексикалық Хосе Эмилио Переаны бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Ива Юлиис (кішісі) пен Стив Кладжетт арасында өткен жекпе-жектің андеркартында шаршы алаңға шыққан жерлесіміз қарсыласын 64 секундта жеңіп шықты.

Батыр Жүкембаев спорттық мансабында 10 жекпе-жегін де жеңіспен аяқтап отыр.

Сондай-ақ Монреалдағы бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Нұрзат Сабыров та шаршы алаңға шықты. Қарсыласы 26 жастағы мексикалық Марио Баэса болды. Кездесу екінші раундта аяқталды. Нұрзат қарсыласын нокаутпен жеңді.

Ө. Сансызбай