Футзалдан Қазақстан құрамасы Бразилия, Ресей және Иран құрамасымен кездеседі

О Сансызбай Корреспондент
Футзалдан Қазақстан құрамасы Бразилия, Ресей және Иран құрамасымен кездеседі
Фото ©️ Қайрат АФК

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иранда өтетін халықаралық турнирге шақырту алды. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлайды.

БӨЛІСУ

Турнир 4-6 желтоқсан аралығында Иранның Исфахан қаласында өтеді. Жарысқа Бразилия, Ресей, Қазақстан және Иран құрамалары қатысады.

Негізі әу баста ұйымдастырушылар Аргентина құрамасын шақырған екен. Бірақ қазіргі әлем чемпиондары турнирге қатыса алмайтындарын айтқан. Олардың орнына Бразилия құрамасы келетін болды.

Айта кетейік, турнирде бағын сынайтын Ресей құрамасы әлем және Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері. Ал Қазақстан құрамасы болса "қарт құрлықтың" қола жүлдегері. Иран құрамасы болса Азия чемпионы. Сонымен қатар әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері.

Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін Еуропа чемпионаты алдындағы дайындық кезеңінің бірі болмақ.

Еске салайық, Еуропа біріншілігі 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Словения елінде өтеді.