"Канело" тайқып кетсе Головкин кіммен жұдырықтасуы мүмкін?

"Канело" тайқып кетсе Головкин кіммен жұдырықтасуы мүмкін?
Фото: Геннадий GGG Головкин (вк)

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегін өткізбеген жағдайда кіммен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Таяуда Головкин промоутері Том Леффлер және жаттықтырушысы Абель Санчеспен бірге Далласқа аттанғаны белгілі болған. Сапардың мақсаты - келесі жекпе-жекті өткізетін орынды таңдау.

 - Егер Головкин "Канеломен" Техаста жұдырықтаспайтын болса, бұл орын WBC тұжырымы бойынша міндетті үміткер Джермалл Чарломен (26-0, 20 КО) кездесуге тамаша мүмкіндік. Ол Техастан шыққан, Хьюстонда тұрады. Чарло - Техаста өте танымал. Головкин мен Чарлоның Техастағы жекпе-жегі "Канеломен" өткізген кездесуден де мықты болуы мүмкін. Себебі Чарло ірілеу, күшті және шабуылда жұдырықтасқанды жақсы көреді. Оның үстіне Головкин Чарлоны "Канелодай" қуып жүрмейді. Жекпе-жек 12 раундқа дейін де созылмауы мүмкін. Чарло нокаутқа түседі, немесе Головкин. Бұл Головкинді нокаут жайлы ойландыратын кездесу болар еді. Чарло Головкинді жеңу үшін соңына дейін шыдап бағатынына сенімдімін", - дейді шолушы.

Джермалл Чарло 2008 жылдан бері кәсіпқой бокста 71 жекпе-жек өткізген. Оның 65-де жеңіске жетіп, 6 кездесуінде жеңілген.

Ө. Сансызбай