Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 3 медальмен аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 3 медальмен аяқтады
Фото ©️ fdk.kz

Хорватия астанасы Загребте дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақ дзюдошылары 1 күміс 2 қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды дзюдо федерациясының ресми сайты.

БӨЛІСУ

Загребтегі аламанға әлемнің 82 елінен 630-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 20 дзюдошы аттанған болатын.

Қыздар арасында 44 кг-ға дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова күміс медальға ие болды. Финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, шешуші белдесуде жапон қызы Нина Кубойға есе жіберіп алды.

Ерлер арасында Бауыржан Нарбаев (55 кг) пен Дидар Хамза (73 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Командалық белдесуде Қазақстан құрамасы 5-орын алды.

Жалпы медаль саны бойынша Жапония жастар құрамасы көш бастады (8 алтын, 2 күміс, 4 қола). Екінші орынға Әзірбайжан дзюдошылары жайғасса (2 алтын, 2 күміс, 1 қола), Ресей құрамасының жастары (1 алтын, 2 күміс, 2 қола) үшінші орынға тұрақтады. Қазақстан жастар құрамасы 9-орыннан көрінді.