Криштиану Роналду ФИФА нұсқасы бойынша жыл ойыншысы деп танылды

Криштиану Роналду ФИФА нұсқасы бойынша жыл ойыншысы деп танылды
Фото: championat.com

Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» үздік ойыншысы Криштиану Роналду ФИФА нұсқасы бойынша жыл ойыншысы деп танылды. Бұл туралы испандық Marca басылымы хабарлады. 

ФИФА-ның марапаттау салтанаты 23 қазанда Лондонда өтеді. Онда мынадай номинациялар бойынша марапаттаулар болмақ: ерлер арасындағы үздік ойыншы, әйелдер арасындағы үздік ойыншы, үздік ерлер жаттықтырушысы, үздік әйелдер жаттықтырушысы, үздік қақпашы, сондай-ақ үздік ойыншы. 

Басылымның мәліметінше ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы болып мадридтік «Реалдың» жаттықтырушысы Зинедин Зидан, ал үздік қақпашы (бұл марапат ФИФА тарихында алғаш рет) «Ювентустың» тас қамал қақпашысы Джанлуиджи Буффон лайық деп танылды. 

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы маусымда Роналду 13 ойында 12 гол соғып Чемпиондар лигасының үздік сұр мергені және УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның үздік ойыншысы атанған болатын. 

Ж. Жұмағұлов