Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста чемпиондық атағын сәтті қорғады

Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста чемпиондық атағын сәтті қорғады
Фото: diamondring.kz

Қазақ кәсіпқой боксшысы Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста "WBC International" чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Мексикалық Фернандо Варгаспен жұдырықтасқан жерлесіміз төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Golden Boy Promotion ұйымдастырған Лас-Вегастағы бұл жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек соңына дейін жалғасып, Бекманның басымдығы айқын байқалды. Төрешілер 100:90, 99:91, 98:92 есебімен отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды.

Кәсіпқой бокста 12-ші жекпе-жегін өткізген Бекман Сойлыбаев 12-ші рет жеңіске жетіп отыр. Сондай-ақ "WBC International" белбеуін алғаш рет қорғады.

Ө. Сансызбай