Қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-та чемпиондық атағын қорғайды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-та чемпиондық атағын қорғайды
Фото: Тұрар Қазанғапов @

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (9-0, 7 КО) жартылай ауыр салмақтағы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жастар арасындағы чемпиондық белбеуін 8 желтоқсан күні Техаста (АҚШ) қорғайды.

Отандасымыздың қарсыласы - америкалық боксшы Роберто Сильва (кішісі). Ол кәсіпқой бокста 10 кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңілген.

- АҚШ-қа желтоқсан айының басында ұшып кетемін. Алдағы қарсыласым қарымды. Соққылары мықты екен. Жекпе-жек қызықты болады деп сенемін, - дейді Ахмедов алдағы жекпе-жегі туралы.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы, екінші жеңіл салмақта бақ сынайтын Ескендір Харсан (2-0, 2 КО) да шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы 29 жастағы Давид Альфаро (1-0) болмақ. Кездесу 6 раундқа жоспарланған.

Ө. Сансызбай