Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашы өрескел қателігі үшін көзіне жас алды

Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашы өрескел қателігі үшін көзіне жас алды
Фото: Eurosport

Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасы Лиссабонда "Бенфиканы" 1:0 есебімен ұтты. Ойында манкуниандық командаға жеңіс сыйлаған голды Маркус Рэшфорд соқты. Бұл тұста айып соққысынан асырылған допты жас қақпашы Миле Свилар ойламаған жерден өзімен бірге қақпа сызығынан өткізіп алды.

"Бенфика" командасының қақпашысы 18 жасында Чемпиондар лигасында алаңға шығып, ең жас қақпашы атанды (осыған дейін бұл рекорд Касильясқа тиесілі еді). Дегенмен ол бірінші ойындағы өрескел қателігінен кейін көзіне жас алып, өз өкінішін жасыра алмады.

Ойын соңынан "МЮ" ойыншылары Ромелу Лукаку, Давид де Хеа мен Андер Эррера арнайы келіп, жас қақпашыны жұбатты.

"А" тобында үш турдың қорытындысы бойынша "қызыл сойқандар" 9 ұпаймен көш басына шықты. "Базельде" – 6, мәскеулік ЦСКА да 3 ұпай бар. Ал "Бенфика" әлі бірде-бір ұпай иеленген жоқ.

Назарларыңызға түнде өткен ойындар нәтижелерін ұсынамыз.

"А" тобы

"Бенфика" (Португалия) - "Манчестер Юнайтед" (Англия) – 0:1
Гол: Рэшфорд, 64
Алаңнан қуылды – Луизао, 90+3 («Бенфика»)

ЦСКА (Ресей) - "Базель" (Швейцария) – 0:2
Голдар: Джака, 29, Оберлин, 90

"B" тобы

"Бавария" (Германия) - "Селтик" (Шотландия) – 3:0
Голдар: Мюллер, 17, Киммих, 29, Хуммельс, 51

"Андерлехт" (Бельгия) - ПСЖ (Франция) – 0:4
Голдар: Мбаппе, 3, Кавани, 44, Неймар, 66, Ди Мария, 88

"C" тобы

"Челси" (Англия) - "Рома" (Италия) – 3:3
Голдар: Давид Луис, 11, Азар, 37, 75 – Коларов, 40, Джеко, 64, 70

"Карабах" (Әзірбайжан) - "Атлетико" (Испания) – 0:0
Алаңнан қуылды – Дино Ндлову, 75 («Карабах»)

"D" тобы

"Барселона" (Испания) - "Олимпиакос" (Грекия) – 3:1
Голдар: Николау, 18 (автогол), Месси, 61, Динь, 64 – Николау, 90
Алаңнан қуылды – Пике, 42 («Барселона»)

"Ювентус" (Италия) - "Спортинг" (Португалия) – 2:1
Голдар: Пьянич, 29, Манджукич, 84 – Алекс Сандро, 12 (автогол)

Ө. Сансызбай