"Барыс" Астанада "Адмиралды" ұтты

"Барыс" Астанада "Адмиралды" ұтты
Фото: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада Владивостоктың "Адмирал" командасын 4:3 есебімен ұтты.

Жарақатынан айығып келген елордалық команданың капитаны Найджел Доус қарсыластар қақпасына екі шайба соғып, үздік ойыншылардың бірі атанды. 7 минутта тең құрамда, 39 минутта ойыншы басымдығында "Адмирал" қақпасын дәл көздеді.

Сондай-ақ "Барыс" сапынан Максим Семенов пен Талғат Жайлауов шайба соқты. Ал қарсылас команда қатарынан Джонатан Райт, Джонатан Блум мен Роберт Саболич бір-бір шайбадан өз еншілеріне жазды.

40 ұпай жинаған "Барыс" Шығыс конференцияда үшінші орында келеді. Келесі ойынын Нижний Новгородта "Торпедоға" қарсы өткізеді.

"Барыс" — "Адмирал" 4:3 (1:1, 3:0, 0:2)

Шайбалар:

1:0 — 06:38 Доус (Фрэттин, Даллмэн). Тең құрамда
1:1 — 07:29 Райт (Саболич, Ткачёв). Ойыншы басымдығында
2:1 — 31:49 Семёнов. Тең құрамда
3:1 — 34:13 Жайлауов (Фрэттин, Вей). Тең құрамда
4:1 — 38:56 Доус (Даллмэн, Вей). Ойыншы басымдығында
4:2 — 46:23 Блум (Макаренко). Тең құрамда
4:3 — 56:54 Саболич (Райт). Тең құрамда

"Барыс": Карлссон — Савченко, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Липин, Орехов, Маклюков, Сауторн — Жайлауов, Доус, Михайлис, Вей, Акользин, Старченко, Маркелов, Маркелов, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Шевченко; 

"Адмирал": Серебряков 00:00-40:00, Бобков 40:00-60:00 — Земчёнок, Мнацян, Блум, Курашов, Бартулис, Гавриленко, Моррисонн — Макаренко, Казаков, Махановский, Райт, Ткачёв, Александров, Григоренко, Воронин, Саболич, Бутузов, Манукян, Фищенко, Жафяров.

Айып уақыты: 10:8 (4:2, 4:4, 2:2)

Төрешілер: Алексей Белов, Сергей Кулаков

Ө. Сансызбай