Чемпиондар лигасы. "Реал" мен "Тоттенхэм" тең түсті

Чемпиондар лигасы. "Реал" мен "Тоттенхэм" тең түсті
Фото: pp.userapi.com

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің ІІІ тур ойындары басталды. Түнде "E", "F", "G" және "H" топтарындағы кездесулер өтті.

ІІІ турдағы ойындардың бірінші күнінде ағылшындық клубтардың асығы алшысынан түсті десек те болады. Тек "Тоттенхэм" ғана Мадридте "Реалмен" тең түсті. Ал "Манчестер Сити" өз алаңында "Наполиді" 2:1 есебімен ұтты. "Ливерпуль" қонақта "Марибор" қақпасына жауапсыз жеті гол соқты. Назарларыңызға ойындар нәтижесін ұсынамыз.

"E" тобы

"Спартак" (Ресей) - "Севилья" (Испания) – 5:1
Голдар: Промес, 18, 90, Мельгарехо, 58, Глушаков, 67, Луис Адриано, 74 – Кьяер, 30

"Марибор" (Словения) - "Ливерпуль" (Англия) – 0:7
Голдар: Фирмино, 4, 54, Коутиньо, 13, Салах, 19, 40, Окслейд-Чемберлен, 86, Александер-Арнольд, 90

Турнир кестесі: "Ливерпуль" - 5 ұпай, "Спартак" - 5, "Севилья" - 4, "Марибор" - 1.

"F" тобы

"Манчестер Сити" (Англия) - "Наполи" (Италия) – 2:1

Голдар: Стерлинг, 9, Жезус, 13 – Диавара, 73 (пен)


Пенальти соға алмады – Мертенс, 38 («Наполи»)

"Фейеноорд" (Нидерланд) - "Шахтер" (Украина) – 1:2
Голдар: Бергейс, 7 – Бернард, 24, 54
Алаңнан қуылды – Ракицкий, 75 («Шахтер»)

Турнир кестесі: "Манчестер Сити" - 9, "Шахтер" - 6, "Наполи" - 3, "Фейеноорд" - 0.

"G" тобы

"Монако" (Франция) - "Бешикташ" (Түркия) – 1:1
Голдар: Фалькао, 30 - Тосун, 34

"РБ Лейпциг" (Германия) - "Порту" (Португалия) – 3:2
Голдар: Орбан, 8, Форсберг, 37, Огюстен, 40 – Абубакар, 18, Маркано, 44

Турнир кестесі: "Бешикташ" - 9, "РБ Лейпциг" - 4, "Порту" - 3, "Монако" - 1.

"H" тобы

"Реал" (Испания) - "Тоттенхэм" (Англия) – 1:1
Голдар: Роналду, 42 (пен) – Варан, 28 (автогол)

АПОЭЛ (Кипр) - "Боруссия" (Дортмунд, Германия) – 1:1
Голдар: Поте, 62 – Сократис, 67

Турнир кестесі: "Тоттенхэм" - 7, "Реал" - 7, "Боруссия" - 1, АПОЭЛ – 1.

Бүгін түнде "А", "В", "С" және "D" топтарындағы ойындар өтеді. 

Ө. Сансызбай