Иван Дычко Boxrec рейтингінде 40 орын жоғарылады

Иван Дычко Boxrec рейтингінде 40 орын жоғарылады
Фото: Мир бокса (вк)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко Boxrec рейтингінде 40 орынға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі апта ішінде екі жекпе-жек өткізген отандасымыз қарсыластарын нокаутпен ұтты. Бірінші жекпе-жегінде америкалық Эйбур Райтты бірінші раундта-ақ есінен тандырса, екінші кездесуінде тағы бір америкалық боксшы Родригес Кейджді үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Аса ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыз рейтингте 641-ші орында болғанмен, алдағы жекпе-жектерінде жеңіске жетсе айтарлықтай жоғарылайтыны анық.

Ө. Сансызбай